Шарбақтыда тұрмыстық техника бөлімі ашылды
Бағалар қалалық бағадан төмен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.
Шарбақты кәсіпкері Антон Рудер бірнеше жыл бұрын тұрмыстық үйдің бұрынғы ғимаратында жиһаз салоны мен цех ашты. Оның өнімдері ауыл тұрғындары арасында сұранысқа ие. Жиһазды дайын етіп таңдауға және өз эскизіңізге сай тапсырыс беруге болады. Ол тұрмыстық техника бөлімін ашу арқылы бизнесті кеңейтті.
Енді Шарбақты тұрғындары кір жуғыш машиналарды, газ және электр плиталарын, тоңазытқыштарды, мұздатқыштарды, шәйнектерді, шырын сыққыштарды және т.б. заттарды арзандатылған бағамен сатып ала алады.
Антон Успен ауданының кәсіпкері Ангела Кулмамедовамен бірлесіп, жұмыс істеп жатыр. Осылайша ұзақ жылдар бойғы серіктестік табысқа алып келді. Антон Рудер Успенкаға жиһазды көптен бері жеткізіп келеді. Сондай-ақ, Ангела Кульмамедова туған ауылында тренажер залы мен дәмхана, жиһаз салонын ашты. Алдағы уақытта Шарбақты тұрғындары жаттығу немесе фитнес-клуб пайда болады деп үміттенеді.