Үйімдегі құнды зат: Ақсуда елуден астам тұрғын музейге жәдігерлерін табыстады
Жинақталған заттар арасында белгілі тұлғалардың жеке заттары мен томдық жинақтары бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«TUGAN QALA» жобасы аясында Ақсу тарихи- өлкетану музейінде «Менің отбасымда сақталған құнды зат» фестивалы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жоба авторы – музей басшысы Гүлжанар Акшулакова. Фестивалдың мақсаты музей қорын толтыру және әр бір отбасында сақталған құнды заттармен бөлісу болды. Акцияға 50-ден астам қатысушы келіп, өз үлесін қосты.
– Музей – құнды заттарды халық жадын жаңғыртушы әрі тәлім-тәрбие орталығы. Мұндағы әрбір жәдігердің «жаны», бойында көне дәуір сыры бар,– деді ұйымдастырушылар. – Жәдігерлердің өзіндік тарихы мен маңызы бар. Келген қонақтар белгілі тұлғалардың жеке заттары мен томдық жинақтарын, атап айтқанда құжат, фотосуреттер мен халықтың күнделікті тұрмыста қолданған заттарын көре алды. Фазыл Аймауытов музейге атасы Бектұр Аймауытовтың суретін табыстады. суретін музейге табыстады. Бұл кешегі тарих пен бүгінді сабақтастырады.
Іс-шараға өлкетанушылар, облыс коллекционерлері, өңір тұрғындары шақырылады. Осы жобаны іске асыру және табысты, толыққанды жұмыс және іс-шараны эстетикалық безендіру барысында музыкалық аппарат жиынтығы, дыбыстық жабдық, экспонаттар көрмесіне арналған сөрелер сатып алынады. Жоба ERG тобының арқасында іске асырылды. Бұл Ақсу қаласында ғана емес Қазақстанның екі облысында да жүзеге асырылуда.