30 наурызда Павлодар облысында жылы ауа райы сақталады

30 наурызда Павлодар облысында жылы ауа райы сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз ауа температурасы ...+15°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -3...+2°C дейін төмендейді. Жауын-шашын болмайды. Облыстың солтүстігі мен шығысына тұман түседі. Күндіз +10...+15°C, облыстың солтүстігінде +7°C дейін көтеріледі. Жауын-шашын болмайды. Солтүстік пен шығыста тұман сақталады.

Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге дейін жетеді.

Павлодарда түнде 0...-2°C. Күндіз +10...+12°C. Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.