Екібастұз ауылдық аймағында үй жанды
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 мамырда сағат 17:50-де 101 желісіне Құлакөл ауылында жеке үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
– Оқиға орнына келген кезде жеке меншік үй аумағында екі бөлмелі шлакоблокты үй толығымен өртеніп, 96 шаршы метр аумақта ағаш шатыр құрылымының құлағаны анықталды. Оқиға орнынан сыйымдылығы 27 литрлік бір газ баллонын шығарды, – деді департаментте.
Өрт сағат 19:01-оқшауланып, сағат 19:27-де толығымен сөндірілді.