Павлодар облысында алты сібір елігінің тушасы анықталды
Тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, «Ақбөкен» ауқымды табиғат қорғау акциясы аясында инпекцияның мемлекеттік инспекторлары, «Охотзоопром» РМҚК облыстық филиалы және полиция департаментінің қызметкерлері бірлескен рейдтік іс-шара барысында 23 желтоқсан күні Ленинск - Русская поляна автожолында «Mitsubishi Pajero» автомашинасын тоқтатқан.
– Көліктің жүксалғышында алты сібір елігінің бұзылған тушасы анықталған. Олардың тек төрт елікке лицензиясы бар, – дейді инспекцияда.
Аталған фактіге қатысты облыстық полиция департаменті ҚР ҚК 337-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, автокөлік айып тұрағына қамалып, еліктердің ұшасы мен қару-жарақ тәркіленді.
Еске сала кетейік, ақбөкендерді заңсыз аулау қылмыстық жауапкершілікке тартылады, бір ақбөкен үшін және оның заңсыз өндірілген немесе сатып алынған әрбір дериваты үшін залал 3,6-дан 5,2 миллион теңгеге дейін қарастырылған.