Павлодарда сәбилер арасында еңбектеуден чемпионат өтті
Сайысқа 40-тан әстам бүлдіршін қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Baby Start 2024» балалар арасында еңбектуден облыстық чемпионаты өтті. Аталмыш байқауға 45 отбасы қатысты.
– Негізі қатысушылардың саны 50-ден асады. Кейбірі белгілі бір жағдайларға байланысты келе алмады. Бұл чемпионатты біз жылда өткіземіз. Жарыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде сәбилер еңбектеп жарысса, екіншісінде ата-аналар өзара сынға түсті, – дейді ұйымдастырушы Жандарбек Қабдраш.
Айта кету керек, сайысқа қатысқан отбасыларға демеушілердің қолдауымен бағалы сыйлықтар табысталды.