12 тамызда Павлодар облысында дауыл күтіледі

12 тамызда Павлодар облысында дауыл күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сейсенбіде +22...+27°C, облыстың солтүстігінде +17 °C болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл соғады деп болжануда.

Павлодарда сынап бағанасы +24...+26 °C-ты көрсетеді. Күн бұлтты болады, кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады.