3 қыркүйекте Павлодар облысында найзағай ойнайды

3 қыркүйекте Павлодар облысында найзағай ойнайды
Фото:pixabay.com/AlexandruGeorge

Желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сәрсенбіде ауа температурасы +16...+21 °C-қа дейін жылынады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.

Павлодарда сынап бағанасы күндіз +18...+20 °C-ты көрсетеді. Жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.