Павлодар мұнай-химия зауытының шығарындылары тұрақты бақылауда

Павлодар мұнай-химия зауытының шығарындылары тұрақты бақылауда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұған автоматты бақылау жүйесі көмектеседі, деп хабарлауды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Экологиялық кодекс шығарындыларға бақылауды күшейту мақсатында бірінші санаттағы объектілерді эмиссия көрсеткіштерін онлайн бақылауға және бұзушылықтарға жедел ден қоюға мүмкіндік беретін автоматтандырылған бақылау жүйесін енгізуді міндеттеді.

Павлодар облысында «Павлодар мұнай-химия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне де осындай талап қойылды. Өткен жылы зауыт 1,5 миллиард теңгеге жуық ауаны ластайтын үш құбырға мониторинг компьютерлерді орнатқан болатын.

– Біріншісі – бастапқы мұнай өңдеу цехында орналасқан ЛК-6У түтін құбыры. Екіншісі – мұнайды терең өңдеудің КТ1 түтін құбыры, ал үшіншісі – мұнайдың ауыр қалдықтарын өңдеуге арналған битум шығаратын түтін құбыры. Барлық құбырларда бақылау блок қораптарына апаратын жүйе үшін тесіктер жасалынады. Ал, біз құбырларды екі жағынан бұрғылайтындықтан, конденсацияның алдын алу және температура мен нақты деректердің өзгеріссіз қалуын қамтамасыз ету үшін желілерді арнайы электр қуат кебелімен жабдықтадық, – деп түсіндірді зауыттың бас директорының орынбасары Сергей Петрук.

Құрал-жабдықтар Англия мен Германиядан әкелінген, ал қазақстандық мердігерлер орнатқан. Әрбір блоктық қорапта нақты уақыт режимінде Ұлттық деректер базасына және зауыт операторларының компьютерлеріне көрсеткіштерді жіберетін өлшеу және деректерді аудару құрылғылары бар.

Бақылау жүйесімен жазылатын параметрлер: оттегі, шаң, ылғалдылық, температура, қысым, шығын, көмірқышқыл газы, азот оксиді, азот диоксиді, көміртек тотығы, күкірт диоксиді және күкірт сутегі. Жыл бойы барлық көрсеткіштер жасыл түсті, яғни зауыт шығарындылар шегінен асқан жоқ.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша жетекші инженер Игорь Оноприенконың айтуынша, компания қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың тағы бір әдісін ескерген. Битум өндіру цехында жаңа пеш орнатылып, мазут өңдеу мен битум өндірісінің өнімділігін арттырды. Тиісінше, отын шығынын азайттып, атмосфераға түсетін қалдықтар азайды.

Фото: автор мен Павлодар мұнай-химия зауыты