Павлодар облысында тамыздың ортасында күн жылы болады деп күтілуде

Павлодар облысында тамыздың ортасында күн жылы болады деп күтілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Алайда желмен қатар жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 12 тамызда облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ жауады, дауыл соғады. Сынап бағанасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +18...+23°С-ты көрсетеді. 

13 тамызда да жауын-шашын болады. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +20...+25°С-қа дейін жылынады. 

14 тамызда жаңбыр жауып, облыстың шығысында бұршақ жауады. Сынап бағанасы түнде +12...+17°С, ал күндіз +20...+25°С-ты көрсетеді. 

15 және 16 тамызда облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай ойнаса, күндіз шығыс бөлігінде бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +18...+23°С жылы болады. 

Жексенбіде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Сынап бағанасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +20...+25°С-ты көрсетеді.