Павлодар облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырудың жаңа тәсілі енгізілді

Павлодар облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырудың жаңа тәсілі енгізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Апаттық учаскелерде жолдардың жасанды тарылту әдісі қолданыла бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Мұндай тәжірибе бірқатар дамыған елдерде сәтті қолданылып келеді және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

– Жолдың тарылуы жүргізушілерді жылдамдықты төмендетуге және мұқият болуға итермелейді, бұл өз кезегінде апаттылықты азайтады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицияның басты басымдықтарының бірі, – деп атап өтті полиция департаментінде.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қызметкерлер талдау жүргізіп, «Павлодар – Қызылорда» автожолының 171-шақырымындағы учаскені анықтады. Дәл осы бағытта пилоттық жоба жүзеге асырылуда.

Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азамат Күркебаев атап өткендей, алғашқы кезеңде учаскелерде патрульдік қызмет инспекторлары жұмыс істеуде: олар жүргізушілерге жобаның мақсатын түсіндіріп, жылдамдық режимін сақтаудың маңыздылығын ерекше атап,  сұрақтарға жауап беруде. Барлық шаралар жолдағы қауіпсіз әрі бақыланатын орта құруға бағытталған.