Павлодарда көшелер қиылысында екі көлік соқтығысты

Павлодарда көшелер қиылысында екі көлік соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қыз бен ана зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Торайғыров – Академик Бектұров көшелерінің қиылысында «Хюндай» мен «Шевролет Кобальт» маркалы көліктер соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылар ауруханаға жүгінді.

– Аталмыш мекенжайға шақырту 12:28-да келді. Жедел жәрдем бригадасы екі минут ішінде келді. 2018 жылы туған қыз жарақат алып, мидың жабық жарақаты және мидың шайқалуымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.1986 жылы туған қыздың анасы онымен бірге барды, – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінде. 

Айта кетейік, ЖКО кезінде бағдаршам объектісі жұмыс істемеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 94-тармағының 13-тарауына сәйкес «жыпылықтайтын сары сигнал, бағдаршам жұмыс істемей тұрған немесе реттеуші болмаған кезде қиылыс реттелмейтін болып саналады, ал жүргізушілер реттелмейтін қиылыстардың жүру ережелерін және қиылыста белгіленген басымдық белгілерін басшылыққа алуға міндетті». Полиция ЖКО бойынша тергеу жүргізеді.