«Ертіс орманы» резерватының фототұзағына елік пен бұлан түсті
Ормандағы фототұзақтар жануарларды бақылау үшін орнатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ертіс орманы мемлекеттік ұлттық табиғи резерватының хабарлауынша, 14 пен 15 шілде аралығында фототұзаққа үш бірдей жануар түсті. Күн батқанға дейін камераның объективінде кішкентай елік көрінді, ал кешкі тоғызға қарай оның анасы байқалды. Түн ортасында камера бұланды көріп қалды. Жабайы жануарлар камераға абайлап қараған еді.
22 шілде күні тағы бір бұлан шөп жеп жүргенде фототұзаққа түсті.
– Фототұзақты үнемі әр түрлі жерлерде орналастырылады. Аңшылар жұма сайын камераларды тексеріп отырады, – деді резерватта. –Орман тұрғындары олардың өмірін адамдар бақылап отыратынын білмейді де.
Қауіпсіз жерде жасырылған құрылғы резерваттың орманды алқабында тұратын аңдарды ғана емес, сонымен қатар браконьерлерді де анықтауға көмектеседі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: pexels.com