Май ауданында мотоциклдан құлаған жүргізуші комаға түсті

Май ауданында мотоциклдан құлаған жүргізуші комаға түсті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол медавиация көмегімен облыс орталығының ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз  қызметінің мәліметінше, соңғы үш тәулікте жедел жәрдем 12 рет түрлі жол-көлік оқиғаларына шыққан болатын. Жол-көлік оқиғаларының бірі Май ауданы Кеңтүбек ауылында орын алған.

– Түске таман 36 жастағы ер адам жол қозғалысы кезінде мотоциклдан құлады. Жәбірленуші орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Ер адам комаға түсті. Кейін медициналық авиацияның мобильді бригадасы оны шұғыл түрде № 1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізді. 

Өзара іс-қимыл арқылы жедел түрде науқасқа мамандандырылған көмек көрсетілді. 

Еске сала кетейік, Екібастұзда екі жасар қыз биіктен құлады. Ол екінші қабаттан құлап, аман қалды.