Павлодар облысында оқушылар волейболдан үздік команданы анықтады

Павлодар облысында оқушылар волейболдан үздік команданы анықтады

Спорт додасы 5-6-сынып оқушылары арасында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

9-10 қарашада Павлодар қаласының №25 және №36 ЖОББМ-нің спорт залындарында С.Торайғыровтың еске алуға арналған облыстық ұлттық мектеп лигасының V спартакиадасы ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында «Шұбар доп» ұлдары мен қыздары арасында волейболдан облыстық жарыс өтті.  

Турнирге қалалар мен аудандардан 14 команда және 224 -тен астам волейболшы қатысты.  

Ойын қорытындысы бойынша қыздар арасында Май ауданының Жалтыр мектебі көш бастаса,  2-орынға Павлодар ауданының Заря мектебі ие болды. Ал үздік үштікке Аққулы ауданының Потанин мектебінің қыздары тұрақтады.  

Ұлдар арасында Баянауыл ауданының Ш.Шөкин атындағы мектеп үздік атанса,  екінші орынға Екібастұз қаласының Қ.Сатбаев атындағы мектебі ие болды. 3-орын Ертіс ауданы Қоскөл мектебіне бұйырды.  

Барлық командалар Павлодар облысы білім басқармасының АОТДТО-ның естелік грамоталарымен және дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаздар 2024 жылдың мамыр айында Қызылорда қаласында өтетін республикалық ұлттық мектеп лигасының кезеңіне қатысады.