Павлодар облысында жер топырағының әлеуеті зерттеледі

Осылайша мәліметтер жаңарып, жайылым жерлер тексерілмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының аумағында мемлекеттік тапсырма шеңберінде 642 мың гектар аумақта ауыл шаруашылығы мақсатындағы топырақ бонитетін бағалау жүргізіледі. Бұл жердің өнімділігі мен әлеуетін анықтауға көмектеседі.
– Геоботаникалық зерттеу 808 мың гектар аумақта өтеді. Бұл жайылымдық өсімдіктердің құрамы мен жай-күйін зерттеуге мүмкіндік береді, – деді облыстық жер қатынастары басқармасында.
Нәтижесінде 1,5 миллион гектардан астам электрондық жер-кадастрлық карталар құрылатын болады.
Зерттелген жерлер бойынша мәліметтер жерді ұтымды пайдалану және өңірдің ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін негіз болады. Бұл жұмыстармен Жерді зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізудің мемлекеттік институты айналысады.