Павлодарда Қайырымдылық күні кеңінен аталып өтті
Игі бастама Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Елімізде кең көлемде аталып өтілетін бұл бастаманы Павлодар облысы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалының ұжымы қолдады. Олар Қайырымдылық күніне орай арнайы шара ұйымдастырып, көмекке мұқтаж жандарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетіп, олардың көңілін көтеруге және тұрмыстық қажеттіліктеріне жәрдемдесті. Мұндай бастамалар қоғамдағы өзара түсіністік пен адамгершілік құндылықтарды нығайтуға септігін тигізеді.
Филиал директоры Ақылбек Қабылдин қайырымдылықтың қоғамдағы маңызына тоқталып өтті.
– Қайырымдылық – қоғамдағы бірлік пен адамгершіліктің жарқын көрінісі. Осындай игі істер арқылы біз айналамызға жылулық сыйлап, бір-бірімізге қамқор болудың маңызын тағы бір мәрте дәлелдейміз. Бұл – баршамызға ортақ жауапкершілік, – деді ол.
Айта кету керек, Қайырымдылық күні аясында ұйымдастырылатын мұндай шаралар адамдарды жақсылық жасауға үндеп, қоғамда ізгілік пен жанашырлықтың арта түсуіне ықпал етеді.