Павлодарлықтарға «Келешек» жүйесінің ерекшеліктері жайлы айтылды

Елімізде ондаған мың шот ашылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру тапсырысы мектеп түлектерінің 40%-дан астамын гранттармен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, 2020 жылдан бастап гранттар санын жыл сайын орта есеппен 10%-ға ұлғайтады. Алайда, белсенді демографиялық өсімге байланысты гранттардың бұл саны жеткіліксіз.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, «Келешек» балаларға арналған жаңа жинақтау жүйесін енгізу нәтижелері бойынша шоттар ашыла бастады.
– Халқымыз белсенділік танытуда. 70 мыңнан астам шот ашылды. Барлық ірі ұлттық университеттер бұл бастамаға қосылды. Ата-аналарды ынталандыру үшін олар «келешектен» жинақталған балаларға жеңілдіктер береді, – дейді ол.
Павлодар облысы әкімінің идеология мәселелері жөніндегі орынбасары Айгүл Мәлікованың сөзінше, жүйенің ерекшелігі – ақшаны бауырларға беруге болады. Бала грантқа түскен жағдайда қаражатты бөлу механизмін түсіндірді.
– Бұл ақшаны бауырларға беруге болады. Егер үлкен отбасы болса, ақшаны тұрғын үй сатып алуға жұмсауға немесе жинақталған депозит ретінде алып, өз қажеттіліктеріне бағыттауға болады, – деп қорытындылады спикер.
Оның айтуынша, «Келешек» жүйесінің артықшылықтары келесідей: ата-аналар мен мемлекет мүдделерінің симбиозы пайда болады, ата-аналардың жинақтарының орташа көлемі үш миллион теңгеден және одан да көп соманы құрайды, ата-аналар мемлекет тарапынан жәрдемдесу арқылы болашақта өз балалары үшін білім алудың өзіндік стратегиясын құра алады, білім беру шотында жинақталған қаражатты құнсызданудан қорғайды, грант/диплом алған кезде жинақталған қаражатты тұрғын үй сатып алуға пайдалануға мүмкіндік береді.
Көп балалы, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар үшін қаражат жинау кезінде арнайы шарттар көзделген. «Келешек» жүйесін енгізе отырып, бастапқы білім беру капиталын қолда бар төлемдерге есептеуде, «Ұлттық қор-балаларға» қаражатын жинақтауда және жеңілдікті кредиттеуде айырмашылық болады.