8 тамызда Павлодар облысында дауыл күтіледі

Желдің жылдамдығы секундына 9-14, кей жерде 15-20 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, жұма күні найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, дауыл соғады. Сынап бағанасы күндіз +18...+23 °C-ты көрсетеді.
Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз +20...+22 °C-қа дейін жылынады.