Павлодар облысында өрттердің саны едәуір азайды
Өткен жылмен салыстырғанда жанып кеткен аудан аумағы 12,5 есеге төмендеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық мемлекеттік орман қоры аумағында орман шаруашылығы комитетінің бұйрығымен өрт қауіпті маусым ресми түрде 11 қарашада аяқталды.
Биыл өңірде барлығы 46 жағдай тіркелді. Отқа оранған орман алқабы 91 гектарды құрады.
– Өткен маусыммен салыстырғанда оң динамика бар. Мәселен, орман өрттерінің саны 4,5 есеге, ал ауданы 12,5 есеге азайды,– деді жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасында.
Өрт қаупі бар маусым бойы орман күзетімен халықпен және БАҚ-та тұрақты профилактикалық жұмыс қамтамасыз етілді. Минералданған жолақтарға күтім жасалды. Орманды аралауда күнделікті патрульдеу үшін жылжымалы өрт бекеттері жұмыс істеді.
Сонымен қатар, рейдтер барысында орман күзеті өрт қауіпсіздігі ережелерінің тоғыз бұзушылық анықталды. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Сондай-ақ, өңірде өрт қаупі маусымда авиатасымалдау және орман өрттерін сөндіру мақсатында үш әуе кемесі орналастырылды.