Павлодарда аманаттықтар жалған құжат жеткізуге қатысты мәлімдеме жасады

Павлодарда аманаттықтар жалған құжат жеткізуге қатысты мәлімдеме жасады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Алаяқтар партияның атын жамылып, жаңа схема ойлап тапты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Соңғы уақытта «AMANAT» партиясы атынан алдап, жеке куәлік пен өзге де құжаттарды үйге жеткізіп береміз деп уәде беретін алаяқтар көбейіп кетті. Алаяқтар азаматтарға хабарласып, өздерін партияның жеткізушісі деп таныстырады. Әңгіме барысында тұлғаның есімін және ЖСН-нің соңғы екі цифрын атайды. Бұл адамның сенімін жаулап алуға көмектескенде, олар СМС код жібереді де, оны атап шығуды сұрайды. 

– Ресми түрде мәлімдейміз: «AMANAT» партиясы жеке куәлік, паспорт немесе басқа да құжаттарды жеткізумен ешқашан айналыспаған және айналыспайды. Баршаңызды мұқият болуға шақырамыз! Бөтен адамдарға жеке деректеріңізді, құжат көшірмелерін, әсіресе ақша бермеңіздер, – деді партияның баспасөз қызметінде.

Күмән тудыратын жағдай туындаса, бірден полицияға жүгініңіз.