Павлодарлық дәрігерлер қатерлі ісіктің алдын қалай алуға болатыны туралы айтты

Павлодарлық дәрігерлер қатерлі ісіктің алдын қалай алуға болатыны туралы айтты
Фото: автор

Эндоскопиялық процедураны қолдану онкологиялық дертті ерте анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында гастроскопия (ФГДС), колоноскопия, ректосигмоидоскопия, бронхоскопия, ларингоскопия, сондай-ақ емдік эндоскопия және емдік бронхоскопия және операциялық манипуляциялар сияқты қызмет түрлері көрсетіледі. 

Қызметтердің барлық түрлері МӘМС шеңберінде пациенттер үшін тегін, МӘМС шеңберінде тіркелмеген науқастарға ақылы негізде көрсетіледі. Сондай-ақ эндоскопиялық гемостаздың барлық әдістерімен қан кетуді тоқтату бойынша шұғыл қызметтері ұсынылған. 

 – Бізде ФГДС процедурасы мен колоноскопия седация кезінде жасалады. Бірақ бұған дейін сіз анестезияға қарсы көрсетілімдер үшін қажетті анализдердің тізімін тапсыруыңыз керек.  Анестезияға кедергі келтіретін әртүрлі патологиялар бар, - дейді бөлімше меңгерушісі, бірінші санатты  хирург-эндоскопист дәрігері Қуаныш Әлиев.

Спикердің сөзінше, эндоскопия – бұл асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісігін диагностикалаудағы алтын стандарт. Ауруханада қызмет көрсетілетін барлық жабдықтар – заманауи. Бұдан бөлек, мамандар инвазивті әдістермен де  айналысады. 

– Алдымен науқастың ауруын табамыз. Гистология талдаулары арқылы қатерсіздігін немесе қатерлі ісіктің болуын растаймыз. Кейін науқас портал арқылы ауруханаға түседі, - дейді дәрігер.

Сондай-ақ, ауруханаға шұғыл түрде қан кетумен ауыратын және шұғыл қызметте қан кетумен бірге келетін науқастар келеді де аталмыш аурухананың хирургия бөлімшесінде жататын жоспарлы пациенттерге де ота жасалады.

Аурухана мамандарының айтуынша, бронхоскопияны неоплазмаларға, дауыс сымдарына, көмей аймағында жүргізеді. Зертханалық зерттеулер үшін гистологияға талдау жасалынады. Гистология міндетті түрде ісіктің қатерсіздігін немесе қатерлі ісіктің болуын көрсетеді.  

Егер науқаста ішкі зақым болса, өңештің, асқазанның және тоқ ішектің шырышты қабаты, ауырсыну немесе симптомдардың себебін анықтау оңай емес. Алайда эндоскопия деп аталатын қарапайым, қауіпсіз процедураның көмегімен дәрігерлер сізге ауырсыну мен симптомдардың пайда болу себебін анықтау үшін аталмыш дене мүшелеріне талдау жүргізе алады, - дейді  хирург-эндоскопист дәрігері Гүлназира Хабдуллова.

Дәрігердің айтуынша, эндоскопия – асқазан-ішек ауруларын емдеудегі нағыз жетістік. Эндоскоп қатерлі ісік ауруын ғана емес, сонымен қатар жараларды, полиптерді және ішкі қан кету орындарын анықтауға мүмкіндік береді. Эндоскопия көмегімен тіндердің үлгілерін (биопсия) алуға, тарылған жерлерді кеңейтуге және қан кетуді тоқтатуға болады. Тоқ ішектегі полиптерді алып тастауға болады. Ал бұл – тоқ ішектің қатерлі ісігінің алдын алады. 

– Әр пациенттен кейін эндоскопиялық жабдық мұқият өңделеді. Бізде эндоскоптарды тазарту мен дезинфекциялауға толығымен автоматтандырылған арнайы жуу машиналары бар, - дейді спикер.

Оның сөзінше, аталмыш жуу машинасында эндоскопты өңдеу процесі адамның іске араласуын толығымен жояды. Эндоскопиялық кабинетте осындай жуу машинасының болуына қызығушылық танытуға кеңес береді. Сол машинада қанмен және био сұйықтықтармен тығыз байланыста болатын барлық қайта пайдалануға болатын құралдар тазартылады. 

Пациенттерден эндоскопия процедурасын тек жұқа шлангпен жасағысы келетінін жиі естиміз. Эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі әр эндоскоптың өз міндеті бар дейді. Шынында да, балаларға арналған диаметрі 6-7 мм педиатриялық эндоскоптар бар. Ересектер үшін зерттеу жүргізуге арналған стандартты эндоскоптар 9-дан 9,9 мм-ге дейін жетеді.  

– Седативті эндоскопия пациентке стресстен аулақ болуға көмектеседі. Біздің ауруханада аталмыш емдеу түрі бар. Анестезиолог науқасқа кеңес береді, егер қарсы көрсетілімдер болмаса, онда препарат енгізіледі. Осылайша седация кезінде эндоскопия жасалады, - дейді дәрігер.

Хирург-эндоскопист дәрігердің айтуынша, бронхоскопия кезінде седация ұсынылмайды. 

Мамандардың сөзінше, сәтті эндоскопия процедурасының негізгі компоненттері жақсы жабдық әрі маманның тәжірибесі. Эндоскопист дәрігердің гастроэнтерология бойынша мамандануы, хирургияны түсінуі қажет. 

– Тәжірибе қажет. Тәжірибе сізге қай жерде назар аудару керектігін, қандай аймақта қатерлі ісік болуы мүмкін екенін, полиптерді қай жағынан алған дұрыс деген сауалдарға жауап алуға көмектеседі, - деп түсіндіреді эндоскопиялық бөлімшесінің меңгерушісі Қуаныш Әлиев.

Аурухана дәрігерлері колоноскопияны бес жылда бір рет жасалуы керектігін ұсынады. Егер кебулер, жалған шақырулар, нәжістегі қан, нәжістегі шырыш, ұзаққа созылған диарея сияқты белгілер болса, онда колоноскопияны жас кезінен бастап емдеуге кеңес береді. 

– Мен колоноскопия процедурасынан өттім. Өзімді өте жақсы сезінемін. Жалпы, бәрі жоғары деңгейде жасалды. Операция небәрі жиырма минутты алғанын атап өткім келеді. Денсаулығыңызға қарап жүріңіздер, - деп бөлісті емделуші науқас.

Колоноскопия сирек қатты ауырсынуды тудырады. Процедура кезінде науқас қысымды, кебулерді немесе құрысуларды сезінуі мүмкін. Ішекті тексеру ішке ауа жіберумен бірге жүреді. Сол себепті, ісіну сезімі пайда болады. Сонымен қатар, дәрігер науқастың ыңғайсыздық деңгейін төмендету үшін барлық шараларды қолданады. Сезімталдығы жоғары және ауырсыну шегі төмен емделушілер үшін дәрі-дәрмек ұйқысы (седациямен бақыланатын) астында зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар. Бұл пациентке барынша қолайлы жағдай жасауға және тексеруді тез және ауыртпалықсыз жүргізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бөлімшеде заманауи жуу машиналары бар. Олардың тиімділігі өте жоғары. 

– Барлық құрылғылар автоматты түрде дезинфекцияланады, зарарсыздандырылады. Сонымен қатар, бізде ішкі аудит жұмыс істейді, - дейді дәрігерлер.

Хирург-эндоскопист дәрігердің сөзінше, көптеген науқастар аталмыш процедуралардан қорқады. Процедура жағымсыз болса да, ауыртпалықсыз өтеді. Зерттеу жүргізілетін арнайы гастроскоп аппараты – жұқа, икемді шланг. Ол емдеу барысында кәмпит немесе тамақ түйіршіктері сияқты жұтылады. Айырмашылығы – диагностика кезінде гастроскоп жоғарғы өңеш сфинктерінде бекітіледі.  

– Алынып тастау кезіндегі аппарат сезімі – жағымсыз. Бірақ асқазан бос болғандықтан, құсу мүмкін емес, - деп түсіндірді емдеу-диагностикалық эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Қуаныш Әлиев. 

Асқазан - ішек жолдарындағы қатерлі ісіктің көпшілігі полиптерден пайда болады. Полиптер – тоқ ішектің шырышты қабығындағы қалыптан тыс өсінділер. Олардың мөлшері кішкентай нүктеден бірнеше сантиметрге дейін өзгереді.

 – Қатерлі ісік полиптерден басталатындықтан, оларды жою колоректальды қатерлі ісіктің алдын алудың маңызды құралы болып табылады, - дейді эндоскопиялық бөлім меңгерушісі.

Аурахана дәрігерлерінің сөзінше, сапалы заманауи жабдықта 5-7 мм-ге дейінгі ең кішкентай өсінділерді де табуға болады. Биопсиясыз тексеру арқылы процестің қатерсіз немесе қатерлі екенін бірден анықтауға болады. 5-7 мм полиптер алғаш анықталған кезде бірден жойылады. Үлкен полиптерден көбінесе гистологиялық зерттеу үшін биопсия алынады. Гистология нәтижелерінен кейін мұндай полиптер де жойылады. Полип неғұрлым үлкен болса, онда қатерлі өзгерістер болуы ықтимал.

 – Бронхоскопияның негізгі мақсаты – ісік процесін растау үшін гистология материалын алу. Бронхоскоппен тыныс алу жолдары тексеріледі. Құрылғы көмей мен дауыс сымдары арқылы іске қосылады, - дейді хирург-эндоскопист дәрігері Гүлназира Хабдуллова.

Дәрігерлер, адамдар эндоскопиялық тәсілмен емделуден қорықпауға кеңес береді.  Себебі, аталмыш ем түрінің тиімділігі – жоғары. Құрылғының көмегімен адамның іш құрылыстарын анық көріп тексеруге болады. Сондай-ақ, үлкейткіш оптика шырышты қабықтың аумағы, өлшемі мен өзгеруін нақты көрсетеді.

Айта кетейік, эндоскопия процедурасы бойынша Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының 2- қабаты, 226 кабинетінде дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де тәжірибелі мамандар егжей-тегжейлі кеңес береді. Аталмыш диагностикалық қызметтер өңіріміздің әр азаматы үшін қолжетімді болып келеді. 

Серіктестік материал

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы, Павлодар облысы әкімдігінің 2012   жылғы 23 қаңтардағы № 00986 лицензиясы