Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Дастан Рыспеков мәлім етті.

- Мобильді бағдарламада Павлодар облысының көрнекті орындарының базасы мен сипаттамасы, сондай-ақ туристік ұйымдар, қонақ үйлер туралы ақпарат, фотобанк жинақталды, - деді Дастан Рыспеков. – Жұмыс барысында мобильді қосымша қажетті ақпаратпен толықтырылады. Сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне аударылады. Қазіргі уақытта қосымшаны IOS (App Store) платформасында іске қосу жұмысы жүргізілуде.

Оған қоса, облыстың туризм қауымдастығы және С.Торайғыров атынағы ПМУ бірлесіп, өңірдің жеке мамандандырылған туристік сайтын әзірледі.

Басқарма басшысының айтуынша, Павлодар облысының имиджін ілгерілету мақсатында облыстың туристік әлеуеті туралы жарнамалық бейнероликтер, кәдесыйлық және жарнамалық өнімдер дайындалған.

- Кәдесыйлық өнімді жергілікті қолөнершілерде сатып алу жоспарда тұр. Бұл облыстың туристік өнімін ілгерілетуге, сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға мүмкіндік береді, - деді Дастан Рыспеков.

Айта кетейік, облыстық статистика органдарының ресми деректері бойынша өңірімізде 101 туристік орналастыру орны қызмет етеді. Нөмірлердің жалпы саны – 2 828 бірлік. Біржолғы сыйымдылығы 7004 төсек-орынды құрайды. Тәулігіне орташа баға – 5 933 теңгеге тең.

Павлодар облысы аумағында 91 туристік компания тіркелген. Оның ішінде 82 компания – турагенттік, 9 – туроператорлық қызметті жүзеге асыруда.

Оразбек Саяхат
Фото: liter.kz және http://pavlodar.gov.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: