Екібастұзда студенттік жатақханалардың жағдайы қандай?

Екібастұзда студенттік жатақханалардың жағдайы қандай?
Фото: Константин Шелков

Политехникалық колледжінің студенттеріне арналған жатақхана бақылауға алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының жанынан құрылған мониторинг тобы Екібастұз политехникалық колледжінің студенттеріне арналған жатақхана жағдайымен танысты.

Мониторинг топ құрамына Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Еркін Құсан, Екібастұз қалалық жастар мәслихатының депутаты Мұхаммед Тойшықожа және Екібастұз студенттерінің омбудсмені Расул Маратұлы кірді.

Бақылау жұмыстарының нәтижесінде студенттерге қолайлы жағдай жасалағанына көз жеткізілді.