Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында Павлодар облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлім етті.

- Кейде біз балаларды тым қатты аялайтын сияқтымыз, - дейді Дінислам Болатханұлы. - Бұған қоса, олар ендігі түлектер екенін ұмытпаған жөн.  Басқа күндері  шыбын-шіркей шағады емес пе?  Олар жылыжайда немесе вакуумда өмір сүрмейді ғой. Кешқұрым  жастар жағалауда серуендеп жүрген кезде ешбір қансорғыштар кедергі болмайды. Кеше және оның алдыңғы күндері дайындық кезінде  ТҮКШ басқармасынан  дезинсекциялық жұмысты белсенді жүргізуді сұрадық.

Спикер 1958 жылы Қытай елінде барлық торғайлардың көзін жою туралы қол қойылған тарихи жарлықтың салдары  экожүйенің жойылуына әкеліп соқтырғанын еске салды.

- Ата-аналар 11 жыл бойы балалар жағалауда жүрген кезде  қансорғыштарға қарсы толық тосқауыл қоя алмайды, - деді басқарма басшысы. -   Сондықтан бұл түлектер кешінде шенеуніктердің мектеп бітірушілерін  шыбын-шіркейден қорғай  алмай қалды деген сөз емес.  Бұл біздің  климаттық жағдай.

Еске сала кетейік, Ертіс өңірінде биыл алғаш рет түлектер кеші жағалаудағы Ertis Рromenade сахнасында өтеді. 15-маусым күні сағат 17.00-де басталатын салтанатты кешке екі мыңға жуық  мектеп бітірушісі қатысады.

Ақбота Сейсенбаева
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам