Павлодар облыстық денсаулық сақту басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, 35 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген.

- Оның денесінің 40 пайызын күйік шалған. Қазір ер адам жансақтау бөлімінде жатыр, - дейді Эльмира Темірғалиева.

 Өңірлік ТЖД-ның ақпаратына сүйенсек, төтенше жағдай Астана – Павлодар автобаны құрылысы учаскесінде орын алған. Қызыл жалын сегіз шаршы метрді шарпыған.

- Тілсіз жауды ауыздықтауға бір автоцистерна мен мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан төрт адам жұмылдырылды, - деді ведомство қызметкері Марал Сағынаева.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Томирис Бекжан

Суреттерді куәгерлер ұсынды

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам