Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында облыстық ТЖД бірыңғай кезекшілік қызметінің басшысы, подпоковник Асқарбек Омаров айтты.

- 25-желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту келген болатын, - дейді Асқарбек Омаров. – Осыған байланысты тұрғындарға көктайғақ және жауын-шашын, оңтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететіні туралы СМС хабарламалар жіберілген. Сондай-ақ, теледидар арқылы ақпарат таратылған. Тіпті, кейбір жерлерде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін.

Маманның айтуынша, бұл автоубс рейстері Шығыс Қазақстан облысынан бет алған. Бір автобустың ішінде «Хоккей» клубының балалары бар. Екі жедел жәрдем көлігі 15 баланы жылыту пунктіне жеткізген. Сол жерде Лебяжі ауданы әкімінің орынбасары мен арнайы алты техника құм сеуіп, жұмыс істеуде. Сонымен қатар, екінші ауысымда мектептерде сабақтар өткізілмейді.

Қазіргі уақытта Павлодар-Шарбақты және Омбы-Павлодар бағытында, Ленин кентіне дейінгі жолдар ашық. Қалған бағыттар бойынша тас жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылған. Әзірге екі күн бойы осындай жағдай сақталады деген болжам бар.

Бұдан басқа,  бүгін сағат таңғы бес жарымда Павлодар – Екібастұз бағытында  шағын автобус Достық ауылы маңында жыраға түсіп кетіп, 20 адам құтқарылған. Оларға Қалқаман ауылында қажетті медициналық көмек көрсетілді. Ауыр жарақат алғандар жоқ.

Әлеуметтік желілерде әртүрлі өңірлерде орын алған жол апаттары жайлы суреттер жариялануда. Павлодар қаласы мен Кенжекөл ауылына қатынайтын жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетіп, қоғамдық көлікпен соқтығысқан. Салдарынан кенжекөлдіктер жұмыс орындарына жете алмауда.

Төтеншеліктер жолда абай болуды ескертеді.

Ақбота Сейсенбаева, Абзал Қабдраш

Фото:  Светлана Воронова 

pavlodarnews.kz

Тэги: