Биыл «Халық радиосының» 80 жылдық мерейтойына арналған жарысқа өңірдегі газет, телеарна және радио журналистері қатысты. Барлығы он ер және алты әйел адам сынға түсті.

Ерлер арасында бірінші орынды ERTIS телеарнасының журналисті Есенбек Санатұлы жеңіп алса, екінші орынды «Халық радиосының» редакторы Ерсайын Ертісбаев еншіледі. Үшінші орын «Халық радиосының» жаңалықтар редакторы Махаббат Камесханұлына бұйырды.

Қыздар арасында бірінші орынды ERTIS телеарнасының тілшісі Марина Сахарова қанжығасына байлады. Екінші орыннан «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Мереке Амантай көрінсе, үздік үштікті әріптесі Гүлжайна Түгелбай қорытындылады.

Жеңімпаздарға марапаттарды «Халық радиосының» редакторы Ерсайын Ертісбаев табыс етіп, жаңа жетістіктер мен сәттілік тіледі.

Спортшыларға жанкүйер болып, қолдау көрсетуге журналистика саласы ардагерінің туыстры мен жақындары келді.

- Жолдасым жұмыс істеген ұжымға, журналистерге алғыс білдіру үшін жыл сайын келемін, – дейді Сәлімбай Ермұратовтың жұбайы Зияда Алишева. – Оның үстел теннисін жиі ойнағаны есімде жоқ. Дегенмен, әріптестері мен достары жайлы үнемі ерекше бір жылулықпен айтып отыратын. Біз үшін өте қымбат адамды еске алып, осындай шара өткізетіндері үшін өте ризамыз.

Томирис Бекжан
Фото: Светлана Воронова

 

pavlodarnews.kz

Тэги: спорт