Бұл туралы С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің мәжіліс залында өткен жиында мониторинг тобының мүшесі Гаухар Нұғманова мәлім етті.

-  Тексеру шарасы мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департамент жанындағы арнайы мониторинг тобының мүшелерімен жүргізілген болатын, - дейді Гаухар Нұғманова. Қоғам белсенділері ұсынған видеода жас адамға құжаттарды беру кезінде ЖОО-ның бірінде консалтинг қызметі  ұсынылғаны түсірілген.  Яғни, ҰБТ тапсыру кезінде оқытушы тарапынан көмек көрсетіледі. Егер де талапкер оқытушының көмегімен кешенді тестілеуді ойдағыдай тапсырса, нақты сол оқу орнында  білім алу қажет.    Ал  сол оқу орнына түсуден бас тартқан жағдайда келісімшартқа сәйкес  50 мың теңге  төлегеннен кейін ғана құжаттары қайтарылады. Бұған қоса, келісімшарттың көшірмесі жасалмайды және бір ғана данамен оқу орнында қалады.

Мониторинг тобы  ұсынған мәліметке сүйенсек, консалтинг қызметін ұсынған әйел адам өзін оператор  ретінде таныстырып, алаңдауға негіз жоқ деп сендірген.

Барлық талапкер топқа бөлініп, кураторлардың арасында бөлінген. Кеңес беру кезінде кураторлар талапкерлерге бірнеше смартфон алып кіруге кеңес берген. Сонымен қатар әртүрлі байланыс опарторын іске қосып, тестілеу кезінде ақпарат алмасу үшін ватсап тобын ашып қою керек болған.

 Бұдан бөлек, видеожазбадан  тест тапсырудың алдында басқа бір ЖОО  ғимаратында  тексеру үрдісі ресми түрде ғана өткізілгені және жастар аудиторияда емін-еркін смартфон қолданғанын көруге болады.

Ақбота Сейсенбаева

 

pavlodarnews.kz

Тэги: павлодар, ҰБТ, консалтинг, жемқорлық