Аталмыш жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде қолға алынған.

Бұл ғылымның даму тарихы және Қазақстан мен Павлодар облысының ғылымына баға жетпес үлес қосқан жерлес ғалымдардың қызметіне қызығушылық танытатын пайдаланушыларға арналған бірегей ашық желілік ресурс.

- Оған 17 сала бойынша ғалымдардың 100-ге жуық есімі енгізілген, - дейді  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Айнель Мырзағалиева. - Цифрлы энциклопедияда жазбаны қалыптастыру үшін таңдаудың негізгі критерийі – ғылым докторы ғылыми дәрежесінің болуы. Жобаны жасауға С. Торайғыров атындағы ПМУ, ПМПУ, ИнЕУ және облыстық орталық кітапханалар жүйесі көмек көрсетті. Толық нұсқасын galym.pavlodarlibrary.kz сілтемесі арқылы өтіп көруге болады.

Тұсаукесер барысында филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Айтмұхамет Тұрышев, филология ғылымдарының докторы, профессор Зифа Темірғазина, ғалым-лингвист, филология ғылымдарының докторы, профессор Равиль Вафеев, тарих ғылымдарының кандидаты, ПМПУ-дің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Анар  Кәрімова сөз сөйледі.

Тұсаукесер Facebook, Инстаграм әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетілді.

Фото: C. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

 

pavlodarnews.kz

Тэги: рухани