Fightnews.com мәліметінше, мұндай қауесет бокссүйер қауымның арасында таралып жатыр-мыс. Сол қауесетке сенсек, Альварес - Ислам жекпе-жек 6 мамырда Техастағы "Даллас Ковбойз" стадионында өтуі мүмкін делінеді. Арена 80 мың адамға арналған.

Альварес пен Ислам WBO белбеуіне таласуы мүмкін. Қазақстандық бұл ұйымның рейтингінде бесінші тұр.

Айта кетейік, 26 жастағы Альварес орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO белбеулерінің иесі қазақстандық Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) қарсыласы болуы мүмкін. 2017 жылы мексикалық GGG-ның салмақ дәрежесіне көтерілуді жоспарлап отыр, деп жазады tengrinews.kz.

pavlodarnews.kz