Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мас күйінде жүрген әр бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалған.

- Құқық бұзушыларға 38 миллион теңгеден астам сомада әкімшілік айыппұл салынды. Полицейлер сауда орындарында алкогольді сату ережелерінің бұзылуына жол бермеу үшін шаралар қолданады. Мысалы, Ледовской көшесіндегі дүкендердің бірінде сатушы сатып алушының жасына қызығушылық танытпай, 21 жасқа толмаған адамға «Балтика № 7» екі сырасын сатқан. Жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБК 200-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, - дейді департаментте.

Басқа жағдайда сатушы алкогольді 16 жасар жасөспірімге сатқан. Сонымен бірге сатушы кәмелетке толмаған адамға спирттік ішімдікті сатуға тыйым салынғанын біле тұра, пайда тапқысы келген.

Енді сатушылардың әрекеттері үшін сотта дүкен иелері заң алдында жауап береді.

Биылғы жылдың басынан бастап заңмен тыйым салынған уақытта алкоголь өнімдерін сатқаны үшін  барлығы 132 кәсіпкер жауапкершілікке тартылған.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам