Милана № 41 дене шынықтыру сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы.

- Мұқағали Мақатаевтың  «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп жатқа оқыған ол  бірінші орынды иеленді. Байқауға осы өлеңді оқып тұрған сәті түсірілген  бейнежазба жіберілген болатын.  Милананы сайысқа дайындағаны үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира  Жақыпова  да дипломмен марапатталды, - дейді қалалық білім беру бөлімінде.

Милана Сумина әртүрлі сайыстар мен олимпиадалардың жеңімпазы, № 1 балалар көркем-өнер мектебінің тәрбиеленушісі.  Биылғы оқу жылында   1-7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Зерде» республикалық ғылыми жобасында «Маралды - таңдаулы аймақ» атты жобасымен бірінші орын иегері атанды. Сонымен қатар М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайының «Блэйз» студиясында заманауи бимен  шұғылданады және триатлонмен айналысқанды ұнатады.


pavlodarnews.kz