Бұл туралы ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап хабарлайды.

ХХІІІ Әлем чемпионатын қабылдауға АҚШ, Канада және Мексика бірлескен өтініш тапсырған болатын. Оларға бәсекелес ретінде Марокко өтініш берген. Дауыс беру қорытындылары бойынша, Америка елдері 134 дауыс (барлық дауыстың 67%-ы) жинады, ал 65 ұлттық федерация (33%) Мароккода өткізуді жақтаған.

2022 жылғы мундиаль Катарда өтеді.

Ертең Ресей астанасы Мәскеуде басталатын 2018 жылғы Әлем чемпионаты ойындарының Астана уақыты бойынша кестесін мына жерден көруге болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: