ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, ҚР Мәдениет қайраткері Мұхит Омаровтың айтуынша, еліміздің барша әлемге танымал болуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерең.

- Кеңес Одағы ыдырағанда Қазақстанның жеке өзінің өндірісі, экономикасы болған жоқ, барлығы орталыққа бағынды, - дейді Мұхит Омаров. – Елбасы Қазақстанды шикізатты жеткізуші ел жағдайынан әлемдегі өзіндік орны бар, экономикасы қарыштап дамыған мемлекетке айналдырды. Оған қоса, Нұрсұлтан Әбішұлының ұлтаралық қарым-қатынас, тіл мәселесін шешудегі көрегендігі мені қайран қалдыратын.

Мұхит Омаровтың айтуынша, Елбасының шешімі оның ақылы мен парасаттылығының тағы бір белгісі, уақыт өте келе қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін одан бетер бағалай түседі.

- Уақыт өте келе халқымыз Елбасының атқарған еңбегін одан бетер бағалай түсетініне сенімдімін, - дейді Мұхит Омаров. – Нұрсұлтан Әбішұлының тарихи шешімі болашақты болжаған тұлғаның әрекеті. Тұңғыш Президенттің кемеңгерлігі міне осында деп білемін.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Елбасы үндеуі, Нұрсұлтан Назарбаев, Мұхит Омаров