- Бүгін Арыс елді-мекенінде болған оқиға туралы барлығымыз xабардармыз. Дәл осындай қиын сәтте барлық ел болып қол ұшын беруіміз керек. Сондықтан Павлодар облысы Арыстың 300 баласын аймақтың жазғы сауықтыру лагерлерінде қабылдауға дайындығын білдіреді. Сонымен қатар, Арыс тұрғындарына көмек жинау үшін арнайы пункт құрылды. Арыс тұрғындарының өз үйлеріне аман-есен оралуларына тілектеспін! - деп жазды Болат Бақауов.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бүгін Арыс елді-мекенінде болған оқиға туралы барлығымыз xабардармыз. Дәл осындай қиын сәтте барлық ел болып қол ұшын беруіміз керек. Сондықтан Павлодар облысы Арыстың 300 баласын аймақтың жазғы сауықтыру лагерлерінде қабылдауға дайындығын білдіреді. Сонымен қатар, Арыс тұрғындарына көмек жинау үшін арнайы пункт құрылды. Арыс тұрғындарының өз үйлеріне аман-есен оралуларына тілектеспін! Наш народ всегда славился тем, что готов поддержать друг друга в трудную минуту. Сегодня, когда в городе Арысь Туркестанской области произошла чрезвычайная ситуация, мы не можем остаться в стороне, потому что это общая трагедия всех казахстанцев. Павлодарская область выражает готовность принятия 300 детей Арыса в свои летние оздоровительные лагеря и позаботиться о них. #АрысБiзБiргемiз

Публикация от Bulat BAKAUOV (@bbakauov) 24 Июн 2019 в 11:09 PDT

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 24 маусымда сағат 9.20-да өртке қарсы қызмет бөліміне Түркістан облысында жарылыс болғаны туралы хабар түскен. «Жарылыс болған жерде Түркістан облысының төтенше жағдайдалар департаментінің жеке құрамынан 30 адам мен 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - делінген ресми ақпаратта.

Арыста орын алған апаттан 23 адам әртүрлі дене жарақаттармен Түркістан облысына қарасты ауруханаларға жеткізілгені хабарланды.

Олардың басым бөлігі Облыстық клиникалық ауруханада жатыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Осыған дейін, Арыстағы төтенше жағдайға орай Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылғаны хабарланды.

"Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден аса науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көліктерін Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын", - делінген хабарламада.

Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды. Мамандар да жедел жәрдем көліктері де облыс бойынша жеткілікті.

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды. Акция аясында Мәдениет және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аудармақ. Осы бастамаға депутаттар да қосылған.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері
Түркістан облысы
Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы, 34 А ғимараты,
Пошта индексі 161200
БСН (БИН) 100440016000
«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы
ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540 БСК (БИК) IRTYKZKA

Павлодарда Jas Otan жастар қанаты Nur Otan партиясыны Павлодар облыстық филиалымен бірлесе материалдық көмек көрсетудің штабын ашқан. Ол Кривенко, 25А мекенжайы бойынша орналасқан.

pavlodarnews.kz

Тэги: Арыстағы жарылыстар, төтенше жағдай, Болат Бақауов, қайырымдылық