Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы мәлім етті.

- Емханаға тіркеу науқаны әдеттегідей қыркүйектің 15-нен қарашаның 15-не дейін жалғасады, - делінген ведомство хабарламасында. – Ағымдағы жылы емханаға тіркелу онлайн тәртіпте, eGov электрондық үкімет веб-порталы арқылы жүргізіледі. Тіркелу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Алайда, бұндай өзгеріске тұрғындардың көбі дайын болмай шықты. Сол себепті бірнеше санаттағы азаматтар үшін медициналық ұйымға қағаз жүзінде тіркелуге рұқсат етілді.

«ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің тапсырмасына сәйкес Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін барлық медициналық ұйымдар 2019 жылдың 1 қазанынан бастап нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізілгенге дейін келесі тұлғалар үшін емханаға бекітуді қағаз түрінде жүзеге асыру қажет: зейнеткерлер, мүгедектер, заң бойынша бала жасынан мүгедек жанға тағайындалған қамқоршылар (бұл санаттағы жеке тұлғалар кәмелетке толған болуы мүмкін), сондай-ақ, қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және ҚР заңнамасына сәйкес қамқорлық көрсету, білім беру, тәрбие беру, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғаумен (заңды өкілдер) айналысатын өзге де тұлғалар, жазасын колонияларда өтеп жүрген сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, тіркеуді сенімхатпен ресімдеген сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері.

Қор филиалында анықталғандай, енді емханаға тіркелу үшін зейнеткерлер, мүгедектер, қамқоршылар немесе қорғаушылар, патронаттық тәрбиешілер мен балалардың заңды өкілдері, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шетелде туған балалар, сәбилер, жетімдер, қарттар үйлеріндегі балалардың өкілдері, сондай-ақ, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдар және сотталғандар қағаз жүзінде өтініш жаза алады.

Фото ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, емхана, тіркелу, денсаулық