Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлем кубогінің екінші кезеңі аяқталды, - деді баспасөз қызметінде. – Өкінішке қарай, бұл жолы қазақстандық спортшылар жүлдесіз қалды. Канада төрінде Қазақстан намысын Абзал Әжіғалиев және павлодарлық спортшылар Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Еркебұлан Шамұханов қорғады.

Әлемдік доданың екінші кезеңінде 500 метрлік жарыста павлодарлық Денис Никиша 46-шы орыннан көрінді.

1000 метр қашықтықта Денис Никиша пенальти алып, жарыстан шықты. Ал, Мерсаид Жақсыбаев 16-шы орынға табан тіреді.

Аталған қашықтықта Еркебұлан Шамұханов жоғары нәтиже тіркеп, үздік бестікке енді. Ол Ресей және Оңтүстік Корея спортшыларына есе жіберді.

1500 метрге жарысуда Еркебұлан Шамұханов 23-ші орыннан көрінсе, Мерсаид Жақсыбеков жарысты 12-ші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, құрамында Павлодар облысының шорт-трекшілері өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы 5000 метрлік эстфетада 9-шы орынға тұрақтады.

Оразбек Саяхат
Фото: olympic.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, шорт-трек, спорт