Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

Осы #врачипавлодар хештегінің астындағы челленджде 15 дәрігер - ревматолог, онколог, кардиохирург, гинеколог, эндоскопист, нейрохирург, травматолог, отоларинголог, педиатр, перфузиолог, кардиолог, УДЗ дәрігері, маммолог, офтальмолог және иммунолог қатысты.

Дәрігерлердің орташа жасы - 40-қа таяған, жұмыс тәжірибесі - 10 жылдан астам.

- 2020 челленджіне қатысуға курстасым онколог-маммолог Ольга Махметова шақырған еді, - дейді облыстық кардиоорталықтың перфузиологы Дәурен Антикеев. - Мен қуана келістім. Біз әріптестерімізбен бейнежазбаны қалай түсіретінімізді келістік, өйткені әрдайым тығыз жұмыс кестесімен жүреміз.

Бұл қызықты шараны № 4 қалалық емхананың ревматологы Наталья Исхакова ашты.

Жұмыспен қамтылуына байланысты жоспарлаған дәрігерлер роликтің түсіріліміне қатыса алмады. Павлодар қалалық № 1 ауруханасының, №№ № 3, 4, 5 қалалық емханалардың, сондай-ақ облыстық онкологиялық диспансердің және кардиоорталықтың дәрігерлері жұмыстан бос уақытта өздері түсіріп, оны кәсіби бейнеоператор Алим Исин құрастырды.

- Жұмыста біз әрқашан салмақтымыз, адам денсаулығы мен өмірі бізге байланысты екенін түсінеміз, - дейді Наталья Исхакова. - Аурухана қабырғасынан тыс жүргенде қалжыңдай білетін, көңілді және қарапайым адамдармыз. Біз осыны роликте көрсеткіміз келді.

Сонымен қатар, бұл челлендж әртүрлі маман дәрігерлерінің ынтымақтастығы мен сабақтастығын көрсетеді. Өйткені, бір ауру бірнеше мамандардың тексеруін талап етеді.

- Жұмыста  дұрыс көзқарас қажет, - дейді Наталья Исхакова. – Бір аурудан зардап шегетін пациенттің көптеген асқынулары бар және бірнеше дәрігердің бақылауы қажет болуы мүмкін. Адамдардың кабинеттен-кабинетке жүруін болдырмау үшін өзара ынтымақтастық болуы тиіс. Біздің видео павлодарлықтарға денсаулық тілеумен аяқталады.

 

 Видеоны дәрігерлер ұсынды, фото - скриншот

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: павлодар облысы, денсаулық, қоғам