Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақынның туған жерінде өтетін мерекеге тарту ретінде жасалған бұл ерекше сыйды қаладағы №1 жалпы орта кешкі мектебі мен №167/3 түзету мекемесінің ұжымы бірлесіп ұйымдастырыпты. Кітаптың тұсаукесері №167/3 түзету мекемесінде өтті. Кешкі мектептің ұстаздар қауымы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, поэзиялық кеш ұйымдастырды. Әннен шашу шашты.

Көлемі мен салмағы жағынан еліміздегі ең үлкен кітапқа Абайдың қара сөздері жинақталған. 24 беттен тұратын кітаптың көлемі – 122 х 90 см. №1 жалпы орта кешкі мектеп директоры Исақ Асанов алып кітап алдағы аптада Алматыдағы Қазақстан рекордтар кітабына тіркеуге жіберілетінін айтады. Одан соң, Абайдың туған еліне жөнелтілмек.

pavlodarnews.kz

Тэги: