Жоба бүгін облыстық мәслихаттың депутаты, экономика мен бюджеттік жоспарлау бойынша тұрақты комиссияның төрағасы Анатолий Бойчиннің басшылығымен Павлодар қаласындағы №17 мектепте басталды.

- Мектептерде 14 сағаттық курс өткізілетін болады, - Анатолий Бойчин. – Балаларға тәжірибелі мамандар сабақ береді. Мен банк қызметкерлеріне барынша кәсіби емес, оқушыларға түсінікті тілде сөйлеуін тапсырдым. Қызығушылық танытқан балалар өздерінің бизнес жобаларын жасап, есейгенде табыс табуларына болады.

Анатолий Бойчиннің айтуынша, бағдарламада оқушыларға несие карталарын пайдалануды, несие беру жағдайларын, мерзімді салымдар ашуды, түрлі төлемдерді онлайн-қызметтер арқылы іске асыруды, кассалық және аудармалы операцияларды жүргізуді үйретеді.

№17 мектептің директоры Айгүл Маликова оқушыларға күнделікті өмірде маңызы бар төлемдерді онлайн түрде жүзеге асыру сияқты қарапайым мәселелерді шешу жолы түсіндірілетінін айтты.

- Бүгіннен бастап халық банктің қолдауымен жас ұрпақтың экономикалық ой-өрісін дамыту мақсатында арнайы жоба басталып жатыр, - деді Айгүл Маликова. – Қазіргі таңда жобаға мектебімізде 9-10 сыныптағы 19 оқушы қатысуда. Курс 25 балаға арналғандықтан жыл соңына дейін толық қамтылатын болады.

Мектептегі қаржылық сауаттылық курсының алғашқы сабағы теңгенің тарихынан басталды.

- Бизнес кабинеті ашылғанына қуаныштымыз. Балаларымыз мектеп қабырғасынан бастап қаржы жағынан сауатты болып шыққаны болашағы үшін маңызды. Бұл қадам жас ұрпақты қолдауы деп түсінеміз. Балаларымыз сабақты асыға күтуде, - деді №17 мектеп оқушысының ата-анасы Алмагүл Омарова.

Айта кетелік, жоба қаланың 44 мектебіндегі 8-11 сыныптарындағы 1000-нан астам оқушыны қамтиды.

Оразбек Саяхат
Суретті түсірген автор

pavlodarnews.kz

Тэги: