Бұл туралы Ақсу қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Бақытгүл Еселбаева айтты.

- Биыл ақсулықтар да Наурыз мейрамын 22-наурыздан 30-сәуірге дейін 40 күн тойламақ, - дейді Бақытгүл Еселбаева. - Өңір кітапханаларында тақырыптық кітап көрмелері, шығармашылық ұжымдардың шағын ауылдарға концерттік бағдарламалары басталып кетті. Сонымен қатар «Қайырымдылық», «Бұлақ көрсең көзін аш» және «Наурыз дәстүр» акциялары аясында түрлі шаралар өтуде. 22-наурыз күні негізгі мерекелік шаралар  ұйымдастырылады.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақертіс Солтанбаевтың айтуынша, С. Дөнентаев алаңында 12 киіз үй және алты шатыр тігіледі.

Театрландырылған көріністер, мерекелік концерт және жастар арасында ұлттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылады.

24-наурыз күні И. Құтпанұлы атындағы спорт кешенінде қазақ күресінен «Ақсу барысы-2018» балуандар арасындағы қалалық чемпионат, С. Дөнентаев атындағы мәдениет сарайында «Сағындырған әндер-ай» ретро әндер концерті өтеді.

Жалпы, Ақсу өңірінде Наурыз мерекесі аясында 40-қа жуық түрлі шара өтеді деп күтілуде.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Наурыз, қоғам