Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше,  қайғылы жағдай 12 маусым күні сағат 18.05-те орын алған.

- Жігіттің батып кеткені туралы кезекшіге  әйел адам хабарлады, - деді баспасөз қызметінде. – Оқиға орнына жеткен жедел құтқару тобына ер азаматтың қай жерде көзден таса болғаны жайлы осы әйел айтып берді. Құтқарушылар көрсетілген жерден 1993 жылы туған ер адамның денесін алып шықты.

ТЖД-де суға батып кеткен адамның үстінде киім болғанын айтты. Қазіргі уақытта жігіттің қандай жағдайда  көз жұмғаны анықталуда.

 

Назым Қарабаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға, Павлодар