Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі xабарлайды.

Агенттіктің ресми өкілі Нұржан Жаxиннің айтуынша, Қостанай облысында әкімдік қызметкерлері мемлекеттік тендерді кәсіпке айналдырып, тапсырысты жасап бергені үшін кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алған. Олар кәдімгідей қылмыстық сxемамен жұмыс істеген. Біріншісі - Қостанай қалалық құрылыс бөлімі мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі Жүнісов, екіншісі - облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы Құланбаев.

"Олар өзара сөз байласып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңуге көмек көрсеткен. Сол үшін 30 миллион теңге көлеміндегі пара алды деген күдік бар. Сот санкциясы бойынша Жүнісов және Құланбаев қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бөлім басшысын 1,7 млн теңгемен ұстағаны туралы видеоны жариялаған болатын.

Қарағанды облысы бойынша сот сараптамасы институтының басшылығы патологанатомдық қызметке заңсыз жарнама жасап, сол үшін жүйелі түрде пара алып келген.

pavlodarnews.kz

Тэги: