Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Республикалық «Үздік учаскелік полиция инспекторы» байқауын учаскелік полиция инспекторларының қызметінің тиімділігін және полицияның имиджін көтеру және азаматтардың сенімін арттыру мақсатында Ішкі істер министрлігі ұйымдастыруда.

Байқаудың мақсаты - кәсіби шеберліктерін үнемі жетілдіруде жеке құрамның мүдделілігін арттыру; білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын арттыруда құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру, кәсіби сауатты, білікті қызметкерлерлді анықтау және нығайту; жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті нығайту; ұжымда салауатты бәсекелестікті қалыптастыру, учаскелік полиция инспекторларының қызметінің тиімділігін арттыру; анықтау; оң нысандарды және кадрларды тәрбиелеу, оқыту әдістерін анықтау және тарату.

Негізгі бағалау критерийлері - әкімшілік учаске аумағында тұратын халық сенімінің деңгейі; азаматтардың өтініштерін, шағымдарды және өзге де жүгінулерін уақытылы және сапалы қарауы. Халықпен, сондай-ақ қоғамдық құрылымдармен әкімшілік учаскеде нақты жұмысы бағаланатын болады. Негізгі назар азаматтардың конституциялық құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға, профилактикалық есебінде тұрған адамдармен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтарды; тұлғалардың санынан ІІО-ның профилактикалық есебінде тұрғандардан қылмыс жасаған адамдардың үлес салмағын, заңдылық пен тәртіптің ахуалын анықтауға аударылатын болады.

Әділқазылар алқасының құрамы аумақтық полиция органдарының бірінші басшылардың төрағалығымен және қоғам өкілдерін қамти отырып, аудандық және қалалық деңгейде қалыптасады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам