Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ирина Сорокинаның айтуынша, балмұздақ сату үшін электр энергиясына қосылу керек.

- Сондықтан ірі кәсіпорындармен осы бағытта жұмыс істедік, - дейді Ирина Сорокина. – Басшыларын жинап, санитарлық талаптарды түсіндірдік. Бүгінгі таңда жұмсақ балмұздақтар азайған тәрізді. Стационарлық барлар, мейрамханалар мен дәмханаларда ғана сатуға рұқсат беріледі. Мысалы, Batyrmall сауда орталығында арнайы нүкте бар.

Спикер қатты балмұздақты бірегей қаптамада ғана сатуға болатынын айтады.

- Қазір бір кәсіпкермен осындай түрін сату бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - дейд ол. – Жұмсақ балмұздақтың құрамына жұмыртқа қосындысы кіреді. 80 жылдардың соңында және 90 жылдардың басында қалалық саябақ аумағында жұмсақ балмұздақ жеген 200 шақты адам сальмонеллезбен ауырған. Ол жерде дұрыс жуылмаған жұмыртқа қолданылған. Мұндай жағдай жаппай улануға әкеледі. Бүгінде кондитерлік цехтардың көбі шикі жұмыртқадан бас тартады. Себебі, ғылым мен технология жақсы дамыған. Орнына құрғақ жұмыртқа қосындысын қолданады.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам