ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері хабарлағандай, Қасымбаев қызметтік лауазымын пайдаланып «әскери билет алып беремін»  деген сылтаумен жедел әскери қызмет шақырылушысынан 800 мың теңге пара алған. 

6 тамызда Семей гарнизонының әскери сотының үкімімен Қасымбаев 7,6 миллион теңгелік айыппұл төлеуге сотталды.

Айыппұл сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін үш ай ішінде төленуі тиіс және осы уақыт ішінде айыппұл өтелмеген жағдайда сотталғанға қатысты бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Сотталған «аға сержант» шенінен айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқынан айырылды.

Арслан Ғалымбек

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қылмыс, әскер, сот, пара