Бұл туралы Baq.kz хабарлайды. Зообақ қызметкерлерін тасбақаның оң жағына қарай қисая жүзіп жүргені алаңдатқан көрінеді. Іле-шала рентгенге салып тексергенде, оның асқазанында түрлі көлемдегі дөңгелек заттар бар екені анықталған. Осыдан кейін Чулалонгкорн университетінің ветеринария кафедрасының қызметкерлері тасбақаға ота жасайды.

Bangkok Post-тың жазуынша, ота 4 сағатқа созылып, тасбақаның асқазанынан 915 тиын алыныпты. Дереккөзінің жазуынша, қазір тасбақа ветеринарлардың қарауында екен. Бір аптадан кейін зообаққа қайтарылмақ.

Ал, осынша тиын қайдан шықты дегенге келсек, монеталарды тасбақалар жүретін резервуарға туристер тастаған көрінеді. Туристер суға тасталатын тиындар ұзақ өмір сүруге септігін тигізеді, сондай-ақ, тиын тастаған адам міндетті түрде Таиландқа қайтып келеді деп ырымдайды екен.

 

pavlodarnews.kz