Бұл туралы облыстық туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Абыкешев мәлім етті.

- Ел чемпионаты ересектер, жасөспірімдер және паралимпиадашылар арасында өрбіді, - деді Нұрсұлтан Абыкешев. – Жарыс жабық кешенде өткізілді. Теміртау қаласында 12-ші рет садақ атудан ел чемпионаты өтуде. Павлодар облысынан аталған додада 17 спортшы өнер көрсетті.

Павлодарлық садақшылар 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Атап айтар болсақ, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2016 жылғы паралимпиада ойындарының қатысушысы Александр Медведев 18 метрлік сайыста алтыннан алқа тақса, 25 метр қашықтықта күміс медаль иегері атанды.

Ал, Данэля Жұмагелді мен Сергей Скляров командалық жарыста 1-орын еншіледі. Адель Айғазинова, Дарья Бородихина, Кристина Редько өнер көрсеткен команда қола медаль иеленді.

Айта кетейік, садақ атудан Қазақстан чемпионатына 8 өңірден 200 спортшы қатысты.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, садақшылар, садақ ату, спорт