«Құлагер» ипподромында өткен жарыстың бірінші күнінде шамамен 5000 көрермен жиналды.

Аудандар мен қалалардың әкімдері, орынбасарларымен бірге атқа мінген аймақ басшысы Болат Бақауов алғашқы айналымды шауып өтті.

Олардың қатарында облыс әкімінің орынбасарлары Николай Дычко, Мейрам Бегентаев, Ақтоғай ауданының әкімі Ағыбай Амирин, Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргельдинов, Качир ауданының басшысы Жанат Шұғаев пен басқалары да бар.

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 60 шабандоз келді. 

1600 метрлік жарыс алаңында павлодарлық сәйгүлік Принцесса Нила бірінші келді.

6 шақырымдық құнан бәйгеде көкшетаулық Балқадиша алғашқы болып мәре сызығынан көрінді.

2000 метрлік жарыста павлодарлық Наудабл Дестеней тұлпарына тең келері болмады. 10 шақырымдық бәйгеде ШҚО-дан келген Есенту, 14 шақырымдық сайыста Мирад жеңімпаз атанды.

4 шақырымдық жарыста Шарбақты ауданының жүйрігі Трэк көш бастап оза шапты.

Жеңіске жеткен шабандоздарға кубоктар мен «ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттер табысталды. Сондай-ақ, Принцесса Нила, Трэк пен Есентудің иелеріне бір-бір теледидардан берілді, Балқадишаның шабандозына – мотоцикл, Наудабл Дестеней мен Мирад тұлпарларының иелеріне «Лада Приора» көліктерінің кілттері сыйға тартылды.

Думан Асқарбек

Фото Ольга Музалевская

pavlodarnews.kz